2025 жылғы 23 мамырда Республикалық ветеринариялық зертханада бас директор Т.А. Елшибаеваның жетекшілігімен «Ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының патогендерін анықтаудың инновациялық әдістері және аграрлық ластануға қатысты ағынды суларды мониторингтеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында Bio-Rad Laboratories, Inc. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге Bio-Rad Middle East компаниясының бас директоры Elif Korkmazhan (БАӘ), молекулалық сегмент бойынша даму және сату жөніндегі директордың орынбасары Анастасия Сапун (Беларусь), сату бөлімінің жетекшісі Маржан Жақупова және даму жөніндегі директор Ринат Хуснуллин қатысты. Зертхана тарапынан құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен өндірістік блогының қызметкерлері қатысты.
Анастасия Сапун ветеринариялық диагностика және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында қолданылатын полимеразды тізбекті реакция (ПТР) технологияларына, соның ішінде цифрлық ПТР тәсілдерінің артықшылықтарына тоқталып өтті. Қатысушылар халықаралық тәжірибелер мен осы бағыттағы ғылыми-техникалық жаңалықтарды талқылады.
Талқыланған шешімдердің қатарында - тамшылатып цифрлық ПТР технологиясы ерекше аталып өтті. Бұл әдіс нуклеин қышқылдарын жоғары дәлдікпен және сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер зертханалық диагностиканың тиімділігін арттыру және күрделі үлгілермен жұмыс сапасын жақсарту тұрғысынан қызығушылық тудырады.
Кездесу таныстыру сипатында өтіп, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ ветеринариялық зертханалардың жұмысын жетілдіруге бағытталған идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Оқиғадан видеоны сілтеме бойынша көре аласыздар.
Ғылыми шараны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен Республикалық ветеринариялық зертхананың директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаевқа алғысымызды білдіреміз.
Жаңалықтар мен жаңа кездесулер үшін хабардар болыңыз https://algimed.kz/
23 мая 2025 года в Республиканской ветеринарной лаборатории под руководством генерального директора Т.А. Елшибаева состоялась встреча с представителями компании Bio-Rad Laboratories, Inc. в рамках круглого стола на тему «Инновационные методы выявления патогенов болезней сельскохозяйственных животных и мониторинг сточных вод на предмет аграрного загрязнения».
В мероприятии приняли участие генеральный директор Bio-Rad Middle East Elif Korkmazhan (ОАЭ), заместитель директора по развитию и продажам в молекулярном сегменте Анастасия Сапун (Беларусь), руководитель отдела продаж Маржан Жакупова и директор по развитию Ринат Хуснуллин. Со стороны лаборатории участие приняли руководители структурных подразделений и сотрудники производственного блока.
Анастасия Сапун выступила с обзором современных ПЦР-технологий, применяемых в ветеринарной диагностике и контроле пищевой безопасности. В ходе встречи обсуждались международный опыт и перспективы применения цифровой ПЦР, включая преимущества высокоточной и чувствительной капельной цифровой ПЦР.
Визит носил ознакомительный характер и стал платформой для профессионального обмена мнениями, обсуждения актуальных научно-технических вопросов.
Посмотреть видео с мероприятия можно по ссылке.
Мы выражаем благодарность за поддержку и организацию научного мероприятия директору Республиканской ветеринарной лаборатории Темирхану Амантаевичу Елшибаеву.
Следите за новостями и новыми встречами на https://algimed.kz/